Жоспарлы Іс шара
«Балдырған» шағын орталығы жанындағы консультациялық пунктте ата-аналармен жоспарлы іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында мамандар (тәрбиеші, психолог, медбике, әдіскер) ата-аналарға баланың даму ерекшеліктері, тәрбиелеу жолдары және салауатты өмір салты туралы кеңестер берді. Қатысушылар өзара пікір алмасып, ашық сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.
Іс-шара жылы, достық атмосферада өтті.

